Энергетика

Елімізде электр жүйесіне қосылу оңтайландырылды

Ерікбай Нармұратов – «ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің СҚО бойынша аумақтық департаменті» ММ жетекшісі:


–  Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар тұтынушыларға уақыт пен қаржыны үнемдеу мүмкіндігін берді. Яғни, енді оларға энергияны қосуға рұқсат қағазы мен лицензия алудың қажеті жоқ.

Бұл оң өзгеріс ағымдағы жылдың шілде айынан бастап өз күшіне енген. Айту керек, жыл басталғалы өңірімізде техникалық шартты алу үшін 700-ден астам тұтынушы өтініш берген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан.

Евгений Политкин – “СҚЭТК” АҚ бас директорының электр тарату бойынша орынбасары:

 

– Жұмысты оңтайландыру мақсатында қазір біз біраз іс тындырудамыз. Мәселен, алдағы уақытта техникалық шартты тұтынушалыр интренет арқылы да рәсімдей алады. Яғни, азаматтар бізге келмей-ақ қойса да болады. Бұл жоспарымыз жыл соңына дейін іске асады деп ойламын.

Оңтайландыру жұмыстарын өңір энергетиктері әрі қарай да жалғастырмақ ниетте.

Айгерім Ержанова