МТРА жаңалықтары

Достық үйінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Барлық этностардың ынтымағын нығайтып, баршасын өз ұлтының мәдениеті, ділі мен дінін сақтауға шақыруда. Әсіресе, біртектілік, адамгершілік, толенранттылық ұғымдарын жастардың жетесіне жеткізбекші. Осының бәрі түрлі ұлт бас қосқан дөңгелек үстел отырысында айтылды.

Мухаббат Алимханова – “Гуонлён” жастар орталығы” ҚБ үйлестірушісі, Жамбыл облысы:

– Біз “Гуонлён”жастар орталығының мүшелері Тараз қаласынан келдік. Бүгінде бізге халықтар достастығын бекемдеуге бағытталған жобаларды іске асыру сеніп тапсырылған. Біз Қазақстанның Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік аймақтарын аралып, жалпы саны 200 этномәдени орталықтың өкілдерімен кездесу өткіземіз. Жобаға 2 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланған.

“Береке көзі-бірлікте” республикалық жобасы аясында ұйымдастырушылар фестиваль, конференциялар ұйымдастырып, жастарды тарихи маңызы бар орындарға апарады. Түрлі этностың дәстүр-салтынан хабар береді. Айталық, бүгін көпшілікке өңірімізде тұратын ұлттардың костюмдері таныстырылды. Поляктар киімдерін бағалы тастармен әшекейлейді екен. Еврейлер әйелдері көйлектерін алтын түстес жіппен кесетелейді. Ал, немістер жазғы аяқ киімдерін сабаннан тоқиды. Қарап тұрсаң, киімдердің үлгісі мен түр-түсі басқа болғанымен барлығында ою-өрнектер бар.

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағартушылық орталығы”ҚБ төрайымы, медиатор

– Біз көшпелі халық – қазақтардан тараған ұрпақпыз. Қазақ халқы жиын-той, күнделікті тұрмыс пен жұмысқа деп киімдерді үш түрге бөлген. Олар ыңғайлы. Бүрмелі көйлектер мен шапандардың жиектеріне түрліше ою-өрнектер салынған. Қазақ көз тимесін деп бөріктеріне үкінің, бүркіттің қауырсындарын таққан. Со заманда қандастарымыз қолына күмістен зергерлік бұйымдар тақпайтын келіншектің аяғынан ас ішпейтін. Мына құйма сақинаны жергілікті зергеріміз жасады. Өнеріміз өрісін кеңейтіп келе жатыр деп мақтана аламын.

Ұйымдастырушылар осы әдістер арқылы жастардың арасында патриоттық сезімді оятуды көздейді. Жалпы қазіргі таңда облысымызда 25 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Берік Қасен