Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл СҚО 400 жалдамалы-коммуналдық пәтер қолданысқа берілмек

Мына нысанды жергілікті «Альфа-Север» серіктестігі өткен жылдың желтоқсанынан бастап салып жатыр. Қазір жұмыстың 70 пайызы тындырылған. Тұрғын үйдің бой түзеуіне бюджеттен 750 млн теңгеден аса қаражат бөлінген.

Андрей Капустин – «Альфа-Север» ЖШС директоры:

 


–  Бүгінде нысанның 4-ші және 5-ші қабаттары көтерілуде. Ғимаратты қолданысқа жыл соңында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Нақтырақ айтсам, меже мерзімі желтоқсанға белгіленген. Айту керек, мұнда 75 адам жұмыс жасауда. Бәрін уақытылы тапсыруға тырысамыз.

4 нысанды 4 түрлі мердігер компания тұрғызуда. Қазір құрылысшылардың жұмысы «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатаң бақылауында. Олар үй үйді аралап, құрылыс материалдарының сапасын және жұмыс барысын байқады.

Кеңес Мукушев – Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірініші орынбасары:
– Партиялықтармен бірге кезекті тексеріске шықтық. Енді қыркүйек айында дәл осы құрылыс алаңына қайтып ораламыз.

Партиялықтар мердігерлерге ешқандай ескерту жасаған жоқ. Тек қос тараптан ортақ ұсыныс туындады. Олар алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарын үйді салған мердігер компания атқарса дейді. Себебі, нысанды тапсырған кезде барлық жауапкершілік баспананы тұрғызған серіктестікке жүктелетін көрінеді.

Айгерім Ержанова