МТРА жаңалықтары

4-тамыз – көлік қызметкерлерінің күні

Бұл залға көлік рөлін мығым ұстанған тәжірибелі теріскейліктер жиылған. Қашанда кілт сайманы қасынан табылатын олардың мамандығы қарапайым. Десе де үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Кәсіби мерекеде өңір жүргізушілеріне облыс әкімінің құттықтауын орынбасары Дәурен Жандарбек жеткізді.

Дәурен Жандарбек, СҚО әкімінің орынбасары:

– Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты түрде 200-ден артық автобус қатынап, 630-дан артық елді мекенді қамтыйды. Жүргізілген жөндеу шараларынан кейін Петропавл халықаралық әуежайы да жұмысын жандандырды. Бұл салалардың дамуы – сіздердің арқаларыңыз. Істеріңіз алға баса берсін. Көлік қызметкерлері күнімен барлығыңызды құттықтаймын.

Бүгін залда отырған әр сала қызметкерінің облыстың көлік саласын дамытуға қосқан үлесі бар. Сол себепті де бірқатары облыс әкімінің құрмет грамотасын алды.

Әуе кемесінің жолаушыларының қауіпсіздігі – Бақыт Есентеміровтың мойнында. Петропавл халықаралық әуежайында 30 жылға жуық қызмет етеді. Ұшып-қону жолағын әрдайым бақылап, апаттың алдын алады. Бүгін міне ұзақ жылғы адал еңбегі еленіп отыр.

Бақыт Есентеміров, “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ ұшуды өртке қарсы және апаттық-құтқару бойынша қамтамасыз ету қызметі бастығы:


–  1998 жылдың қаңтарынан әуежайда жұмыс істеп келемін. Менің әкем де өрт қауіпсіздігі қызметінде еңбектенген. Мен де сол кісінің жолымен кеттім. Қызметім, жауапты, күрделі. Осынымыен қызық.

Темірғали Хамзин 18-ге келе салып жүргізуші куәлігін алған. Еңбек жолы 1974 жылы әскерде басталыпты. Елге оралғаннан кейін де көліктен түспеген. Жүргізуші куәлігіндегі барлық көлікке отыруға рұқсаты бар “АВСДЕ” категорияларын мақтанышпен көрсетті. Бүгінде Темірғали Хамзиннің жасы 60-та. 40 жылдық тәжірибесі бар азамат қазір Аққайың аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігін жүргізеді.

Темірғали Хамзин, Аққайың аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем жүргізушісі:

– Бұрын өрт сөндіру қызметінде істедім, онда жылдамдық қажет еді. Қазір дәрігерді уақытында орнына жеткізу керек. Сол үшін асығамыз, көлік әрқашан жүріп тұру керек.

Ал, Ғұмар Боранбаевтың мамандығы тіпті ерекше. Азамат – темір жол монтері. Бозабала шағынан-ақ, қолына кілт сайманын алып жүрдек поезд жолындағы кем-кетікті түзетеді. Бүгін облыс әкімінің алғыс хатын алды.

Ғұмар Боранбаев, Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің монтері:

– Темір жолда еңбек еткен оңай емес. Поезд тоқтап қалмас үшін тырысамыз. Жолдарды ауыстырамыз.

Бұл күні Сергеев автостанциясының директоры Валерий Григорьев “Үздік автокөлікші” төс белгісімен марапатталды. Кейін салатанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Акбопе Танирберген