Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы құрылыс алаңдарында болды

Болатбек Айтпаев – “ҚазАвтоЖол” АҚ СҚФ директоры:

– Мына бағаналарды тамыздың 6 орнатамыз. Одан кейін жолдың екінші жолағына ауысамыз.

Төрт аптадан кейін жаяу жүргіншілерге де көпірден өтуге тыйым салынады. Мердігерлер көпірдің екінші жолағын да түгелімен бұзып, қайтадан мықтап тұрғызбақшы. Мұның бәрі қауіпсіздік үшін жасалып жатыр дейді олар. Енді барлық жүргізушілер Жұмысшы кенті арқылы қатынайтын болады. Осы жерде Құмар Ақсақаловқа “Солтүстік жұлдызы” саябағының нобайы көрсетілді. Жобалаушылардың айтуынша, кіреберісіке дарбаза орнатылады. “Пестрое” көлі жағажайының аумағы үш есеге кеңейтіліп, гүл бағы пайда болмақ. Күре жолдың бойына Қожаберген жырау бабамызға арналып ескерткіш орнатылады.

Қазіргі таңда “Жас өркен” ықшам ауданында да жұмыс қызған. Ескі үйлер сырылып, орнына жаңа көппәтерлі баспаналар тұрғызылуда. Келешекте осы аудандағы 18 бірдей кварталда жаңа тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттар бой түзейді. Баспанаға сұраныс жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі көп. Мердігерлермен сұхбаты барысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов барлық шаруаны межелі мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.

Биыл 26 жыл бойы жөнді жөндеу көрмеген С.Мұқанов көшесі қалыпқа келтірілді. Аталған көшенің бойында тұратын азаматтар мен облыстық балалар ауруханасының ұжымы облыс, шаһар басшылығына алғыстарын жеткізді. Тұрғындар С.Мұқанов көшесіне аялдамалар орнатып беруді сұрады.

Биыл облыс орталығында көппәттерлі үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр. Жолдар да қалыпқа келтіріліп, балалар алаңқайы орнатылуда. Құмар Ақсақалов азаматтарды көгалдандыру шараларына атсалысуға шақырды.

Кұмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ауладағы жолдарды, балалар алаңқайын күтіп ұстаңыздар. Гүлдерді көп отырғызу керек. Аулада мерекелерді бірлесіп өткізуді дәстүрге айналдыру қажет.

Облыс әкімінің мәдениет және демалыс саябағына барды. Жаңғырту жұмыстарын көрді. Жобалаушылар жоспарларымен бөлісті. Осы жерге 2 мыңнан астам ағаш отырғызамыз дейді. Ұзынша бұталауға келетін кіші желкендер де жерге сіңірілмекші.

Кұмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жыл сайын жасыл желектерді қырқып, жапон, АҚШ-тағы сияқты әдемі етіп жасау керек.

Жаңа алаң кең болады. Бұл маңда барлық мерекелер өткізіледі. Сондықтан сахнаның үлкен болуы да маңызды.

Саябақта 137 орындықпен сонша қоқыс жәшігі, жарық шамдары орнатылады. Өңір жетекшісі мәдениет және демалыс саябағы барлық жағынан алып қарағанда, өте тартымды болуы тиіс деді. Осы жұмыстарға жұмсалатын қаражатты дұрыс игерілуі облыс әкімінің жіті бақылауында.

Кұмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жолдарды жаюға, көгалдандыруға, жарықтандыруға қаржы бөлдік. Жұмыс жоспар юойынша жүріп жатыр. Быотырғы жылмен салыстырғанда көбірек ақша бөлінді. Бұл біздің экономикамыздың дамығанының көрсеткіші.

Құмар Ақсақалов құрылысшыларға жаздың әр күнін тиімді пайдалануды қадап айтты.

Берік Қасен