Әр түрлі

Петропавлда патша әскерінің зеңбірегі табылды

Ораз Нұрлыбеков – дәмхана иесі:

– Тарихи сәттердің куәсі болған бұл зеңбірек ешкімге керек болмады. Иесі де жоқ еді. Ал мен кафе құрылысы кезінде оны сақтап қалуға тырыстым.

Ал мына фото 100 жыл бұрын түсірілген. Суреттегі баспалдағы бар үңгірді Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары құлдыққа түскен австралиялықтар жасапты. Ал 1924-ші жылы ағаш мұнаралы бақылау маягы шағын музейге айналған. Үңгір казактардық бақылауында болыпты. Оларға зеңібіректің оғын қолға алуға рұқсат етілген. Ал зеңбірек саны мұнда 3 еді. Екеуін музейге жіберген. Үшіншісін, яғни ең үлкенін орнынан қозғалта алмапты.

Еркін Шалкенов – облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбсары:

– Бұл зеңбірек біздің музейдегі өзге зеңбіректерден бірзама айырмашылығы бар. Салмағы да ауыр, өзі де үлкен. Біздің қорда мұндай қару жоқ.

Кезінде мұнда түрлі калибрлы қарудың 12-сі болған. Оның дені революция кезінде жоғалып кетті. Ал Петропавл бекінісі артиллериясынан қалғаны осы. Сондықтан, үңгірде тұрған зеңбірек бірнеше ұрпақтың мақтанышы болатын.

Борис Крихт – қала тұрғыны:

– Мен бала кезімде ата-анаммен осы жерге келетінмін. Кейін өзімнің балаларымыды әкелетін болдым. Бұл жерде біз міндетті түрде естелік суретке түсетінбіз.

Зеңбіректің салмағы жарты тонна. Ол шамамен 0,5 келілік оқпен 400 метрге дейін ататын. Енді тарихи сәттерге куә болған бұл қару облыстық тарихи-өлкетану музейінен орын теппек.

 

Айгерим Ержанова