Қоғам

Өсімдік, орман, аң шаруашылықтарына берілетін мемлекеттік қызмет түрлері

Оның 26-сына мемелкеттік срапатаманың оң шешімі берілсе, 25-ні теріс нәтиже көрсеткен. Ал, 9 нысан бойынша өтінші талапқа сай болмай, кейін қайтарылған. Ал, өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Ережеп Жанатаев, СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

– Көбіне тұрғындар балық және аңшылық шаруашылықтары бойынша берілетін қызмет түрлеріне жүгініп жатады. Біз саны шамадан көбейген аңдардың нақты бір бөлігін атып алуға рұқсат береміз. Мұндай қағазға үш күн ішінде қол жеткізуге болады. Одан бөлек, өсімдіктерді яғни ағаштарды кесу мен отырғызу бойынша рұқсат қағаздарын да бізден алады.

Балыққа шығып, аңшылықпен айналысып саят құрғанды ұнататын жерлестеріміз көп. Бірақ судың да сұрауы бар. Табиғат құнылдықтарын оңды-солды құрта беруге де болмайды. Аң-құсты атудың да өз уақыты мен мөлшері белгіленген. Бұл үшін рұқсат алу керек. Бұл қызмет түрін аумақтың инспекцияның сайтына кіріп, электорнды түрде алуға болады. Жыл басталғалы мекеме өкілдері мұндай 40 рұқсат қағазын беріп үлгерген. Ал, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жүгінгендер тіпті көп.

Бүгінде, Солтүстік Қазақстанда 2338 өзен бар. Оның тек 426-да балық өсіріледі. 246 өзенді азаматтар уақытша жалдап отыр. Қазір балықшылық қызып тұр, су жәндіктерін аулаймын деушілер рұқсатты дәл осы өзеннің уақытша иелерінен алады. Ал, өзге жерлерден 5 келіге дейін тегін балық аулауға рұқсат етілген.

Акбопе Танирберген