ТКШ

Биыл Петропавлдағы 24 шақырым жылу құбыры жаңасына алмастырылады

– Қаламыздағы ауқымды іс Еркем-ай балабақшасы маңында атқарылып жатыр. Бұл жердегі шаруа осыдан 10 күн бұрын басталыпты. Мамандар жерді қазған. Кейін, биіктігі – 4, диаметрі – 8 метр болатын бетон құйған. Кейін, осы тастың үстінен жылу құбырлары өтетін болады.

Жоспар бойынша біз түсірілім жасаған жер Алтынсарин, Крепостная және Алматы көшелері аумағына кіреді. Бұл маңда 2 шақырым 800 метр құбыр ауыстырылады. Істің қашан аяқталатындығы әлі белгілсіз. Ал, 20-шы ықшам аудандағы жұмыс біраз уақытқа созылмақ. Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі Анатолий Мишин Мир-Шухов көшелеріндегі нысандарға ыстық су күздің ортасында бірақ жететіндігін айтады.

Анатолий Мишин – Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Мир-Шухов көшелеріндегі үйлерге ыстық су қазанның 10-ы күн беріледі. Ол жақтағы құбырлардың диаметрі 1000 мм құрайды. Шаруаны уақытында аяқтауымыз қажет. Сол себепті, іске жергілікті компаниялардан бөлек, Астана, Алматы және Омбы қалаларының серіктестік өкілдерін тарттық. Жалпы, биыл қаладағы 24 шақырым құбыр ауыстырылады. Іске 10 млрд теңге жұмсалды.

Жалпы, қазіргі таңда шаһардағы 200-ден аса үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр. Айта кетейік, келер жылы “Береке” ықшам ауданындағы 3 жарым шықырым жылу құбыры ауыстырылады. Іске 5 млрд теңге жұмсалмақ.

Култанов Байболат