Әр түрлі

2-ші тамыз – Әуе десанты әскері күні

Отан қорғаушылар бұл балаларға жыл сайын қонаққа келіп, көмектесіп отырады екен.

Виталий Пенкин – СҚО “Десантшылар Одағы” ҚБ төрағасы:

– Біз барлығымыз бірігіп 100 мың теңгеден артық ақша жинадық. Бұл қаражаттың жартысына, яғни, 60 мың теңгесіне Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне қажет деген ойыншықтарды сатып алдық. Ал, қалған соманы “Алтын күз” лагеріндегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлыққа жараттық.

Сыйлықтарға ие болған балалардың қуанышында шек жоқ. Олар жаңа ойыншықтарын бір-біріне көрсетіп, қызықтауға кірісті.

Қазіргі таңда 75 балаға шақталған сәбилер үйінде 4 жасқа дейінгі 38 балғын тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан осы жердегі 9 бүлдіршінді асырап алған көрінеді.

Лилия Федотова – “Сәбилер үйі” КММ бас дәрігері:

– Балалардың қуаныштарын олардың жүздерінен көруге болады. Бүлдіршіндер жастарына қарамастан барлығын да түсінеді. Айта кетсек, десантшылар бірер күн бұрын біздің балғындарға қандай ойыншықтардың керек екенін сұраған еді. Олар біздің тапсырмамыз бойынша арнайы сөйлеу, ойлау қабілетін және моториканы дамытатын заттарды алды. Алғысымыз шексіз.

Айта кетсек, десантшылар өздерінің төл мерекесінде тағы да “Алтын күз” лагеріне бет алмақ. Онда да жетім және ата-ана қамқорылығынсыз қалған балаларға базарлықтарын апарып, “Саланг” әскери-патриотттық клубының дайындаған қоян-қолтық ұрыстан шеберлік сабағын көрсетпек ниетте.

Тогжан Акмагамбетова