Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері Петропавлда 136 өрт оқиғасы болды

Ольга Безатосная – қала тұрғыны:


–  Осы бір жайт бізге сабақ болды. Енді жанып тұрған отты қараусыз қалдырмаймыз. Салқын күндері үйде пеш жақсақ, барлығын бақылауда ұстаймыз. Тұрғындарға да осыны ескертемін.

Ал, сәуірде мына тұрғызылып жатқан баспананың күлі көкке ұшыпты. Өкінішті, нысан құрылысының аяқталуына аз уақыт қалғанға ұқсайды.

–  Мынау үй сәуірдің 13-і күні отқа оранды. Өрт сөндірушілерге хабар кешке жеткен. Қоңырауды ести сала мамандар шақырған жерге жетіпті. Олар өртті 2 сағаттың ішінде ауыздықтаған.

Оттың неден шыққаны әлі күнге белгісіз. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрт фактілерін азайту үшін сала мамандары аудандағы әр үйге бас сұқты. Құтқарушылар тұрғындарға жадынама қағаздар таратып, сақтық шараларын еске салды.

Мамандар, тіпті, үйдегі пештердің жай-күйін байқады. Олар жылу қондырғысынан ақау тауып, иелеріне ескертті.

Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда 136 рет өрт оқиғасы болыпты. Көбінесе тілсіз жау тұрғын үй секторларында орын алған. Оттың салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 жерлесімізді күйік шалған. Келген материалдық шығын 30 млн теңгеден асады.

Никита Мархалюк – Петропавл қалалық ТЖБ инженері:

– Көп жағдайларға өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығады. Тағы, пештің дұрыс салынбауынан орын алады. Темекі қалдығынан да от тұтанған сәттер анықталды. Сол себепті, қызыл жалынмен абай болған жөн. Немқұрайлықтың соңы өкінішке алып келуі мүмкін.

Айта кетейік, шілде айының өзінде Петропавлда осындай 14 рет төтенше жағдай орын алған.

Култанов Байболат