Құқық қорғау органдары

Шомылу маусымы басталғалы 12 адам су құрбаны атанды

Шомылу маусымы басталғалы тәртіп сақшылары жалпыға ортақ суды дұрыс пайдаланбаған 120 адамға әкімшілік хаттама толтырды. Тағы 63-і қоғамдық тәртіпті бұзып, ішімдік ішкендері үшін заң алдында жауап бермек.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырдық. Нәтижесінде ҚР Әкімшілік Кодексінің 364-ші бабын бұзғандары үшін 3 хаттама толтырылды.

Тиісті алдын алу шаралары әлі де атқарылуда. Өйткені бірнеше өңір тұрғыны су құрбаны атануда. Нақтылап айтсақ, жыл басынан 12 адам өзен-көлдерде батып кеткен. Оның 3-уі балалар.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысы:

– Бұдан бөлек, 25 адам құтқарылды. Мұндай оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында біз тәртіп сақшыларымен алдын алу шараларын ұйымдастырамыз. Ескертпе қағаздар мен жадынамалар таратамыз.

Айту керек, мұндай рейдтер өңірімізде шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғаспақ.

Айгерим Ержанова