Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті

Еңбегі еленгендердің қатарында “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Әбутәліп бар. Бәріміз күш біріктірсек жемқорлыққа төтеп бере аламыз дейді ол.

Данияр Әбутәліп – “Нұр Отан” партиясы Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасы ұсынған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға баршамыз жауаптымыз. Ел экономикасын көтеруге бағытталған қаражаттың дұрыс игерлу керек. Мемлекеттік қызметшілер парадан аулақ болу керек.

Жарты жылдықта Қызылжар ауданында бірде-бір жемқорлық фактісі тікелген жоқ. Бұл туралы жиын барысында айтылды.

Светлана Зайцева – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:


– Қоғамдық індетке қарсы күрес шаралары жиі өтіп тұрады. Жастарға, еңбек ұжымдарына заң алдындағы жауапкершілік жіті түсіндіріледі. Жыл басынан тұрғындармен 150 кездесу өткізілді.

Ресми дерекке сүйенсек, жыл басынан өңірімізде 24 жемқорлық фактісі тіркелді. Соның ішінде бір тұлға қызметтік лауазымын асыра пайдаланып 4 млн теңге пара алған. Бүгінде заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге біреуден сыйлық алуға тыйым салынған.

Берік Қасен