Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК қызылордалық “Байқоныр” құрамасын тізе бүктірді

Дегенмен, жанкүйер гол көре алмады. Бошко Ступич тепкен допты қызылордалық қақпашы алаң сыртына қағып жіберді. 1-ші таймдағы ең қауіпті сәт осы болатын. Қалған минуттарда ауыз толтырып айтарлық оқиға орын алған жоқ. Футболшылар үзіліске тарада. Матчтағы гол тек 63 минута соғылды. Бошко Ступич алғашқы кезеңдегі қателігін толығымен жуып-шайып, мергендік танытты.

Арада бар-жоғы 5 минут өтті. Осы сәтте жерлестеріміз бұрыштама добын тебуге мүмкіндік алды. Жігіттер стандарттан гол соқты. Әуеден асырған допты тағы да сол Бошко Ступич баспен ұрып, қақпаға дарытты.

Қалған ойын бөлігінде қос құрама ойыншылары қанша шабуылдағанымен таблодағы есеп өзгермеді. Осылайша теріскейлік “Байқоныр” құрамасын 2-де 0 есебімен ұтты.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:

 


–  Байқоңыр құрамасы біріншілікте голды көп соғатын командалардың бірі. Сол себепті қорғанысты мықтап ұстауға тырыстық. Нәтижесінде қақпамызды аман алып қалдық. 2-ші таймда біз өз ойынымызды таптық. Жаттықтырушының айтқан кеңестерінің арқасында гол соқтық деуге болады.

Бұл ойыннан соң жерлестеріміздің еншісінде 23 ұпай. Әзірге туринрлік кестеде 3 орында тұрмыз. Алда, талдықорғандық “Жетісу” мен алматылық “Қайрат А” командалары. Енді, “Қызыл-Жар СҚ” ФК келесі ойынды тамыздың 5-і күні “Қарасай” стадионында өткізеді. Қонаққа Теміртау қаласынан “Шахтер-Болат” құрамасы келеді.

Байболат  Култанов