Спорт

Демалыс күндері Петропавл қаласында темір тұлпар иелері үшін ерекше шара өтті

Әрбір көлік иесі бұл жарысқа бұрыннан бері дайындалыпты. Жалпы, олардың басым бөлігі осы сынды байқауларда жүлделі орындардан көрінген. Ал, чемпионатқа қатысушылардың сөзінше фавориттер тізімін мына темір тұлпар бастап тұр. 2006 жылғы лада 2114 автомобилінің есіктерінде де бірнеше савбуферден орнатылған.

Виталий Лузин – жарысқа қатысушы:


– Жобаны өткен жылдың бас кезінен бастап жүзеге асырудамыз. Сол уақыттан бері көлікті техникалық тұрғыдан жақсарттық. Биылдан бастап қана оны түрлі сайыстарға қатыстырудамыз. Қазірдің өзінде автомобиль ішінде 8 савбуфер орнатылған. Алайда, келер жылы олардың барлығын жаңасына ауыстырамыз деген ой бар. Бұлардан да қуаттыларын орналастырмақпыз. Ал, бұл, әзірге, қанатқақты жоба ғана. Бір жарым жыл ішінде бұл көлікті дамытуына 10 шақты адам қатысып, 3 млн теңгедей қаражат жұмсадық.

Құрылғылардың қуаттылығы төрт аталым бойынша сыналады. Дыбыстың қысымы мен тазалығын өлшейтін арнайы құрал да бар. Әрбір көлік өз мүмкіндіктерін көрсеткеннен кейін жеңімпаздар да анықталмақ. Ал, мына жақтағы қатысушылардың мақсаты – басқа. Олар көлікпен жылдам мәнерлеп жүргізу сайысына темір тұлпарларын сайлауда. Никита Жуков бүгінгі чемпионатқа киа автомобилімен қатыспақ.

Никита Жуков – жарысқа қатысушы:


– Бұл – менің зайыбымның көлігі. Өзімнің спорттық автомобилім бұл сайысқа дайын болмай қалмады. Алайда, жарысты өткізіп алмас үшін, жолдасымдікін сұрап алдым. Ол да негізі мәнерлеп жүргізу сайыстарына жиі қатысып тұрады. Өз басым спорттың бұл түрімен 2011 жылдан бері айналысып келемін. Атап өту қажет, күнделікті өмірде оның пайдасы зор, жолда өзіңді әлдеқайда сенімді сезінесің.

Жарыс жолына екі темір тұлпардан шақыртылады. Олар 1 шақырымдық жердегі түрлі кедергілерді айналып өтіп, қысқа уақыт ішінде мәре сызығына бірінші жетулері қажет.

Чемпионатқа 28 автомобиль қатысуда. Олардың арасында Алматы, Көкшетау қаласынан келгендер де бар.

Виктор Семыкин – жарыс ұымдыстарушысы:

 


–  Машиналар 3 аталым бойынша сыналады. Бұндай жарыстар қаламызда бүған дейін де өткізілген. Ал, жұптық жарысты алғаш рет ұйымдастырудамыз. Жылдан-жылға қатысушылардың санын арттырып, жастарды осы спорттың түріне де бейімдеуге тырысудамыз.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар мұз үстіндегі қысқы жарысты өткізбек ниетте.

Эльмира Садвокасова