Денсаулық сақтау

Келер жылдан бастан қазақстандықтар емделетін мекеме мен дәрігерді өздері таңдай алатын болады

Бүгінде мұнда 50 ақ халатты абзал жан еңбек етеді. Көрсететін қызмет түрлері 15-ке жуық. Серіктестік тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша мемлекеттік тапсырыстарды да орындайды. Биыл грант сомасы 9 млн теңге болыпты.

Алексей Митронин – “Митралия” ЖШС коммерциялық директоры:

– Жаңа жүйе арқылы мемлекетке жекеменшік клиникалардан салық көп түсетін болады. Бұған қоса біздер де мемлекеттік емханалармен клиенттер үшін бәсекелесетін боламыз. Соның арқасын сапа да артады. Жаңа жүйеге қатысу үшін біз қорға қызмет түрімен мамандардың тізімін құрап өтініш тастаймыз.

Ал бұл “Айна көз” көз орталығы. Мұнда офтальмологиялық ем-домның барлық түрін алуға болады. Тіпті, күрделі деп саналатын оталарды да жасау мүмкіндігі бар. Бағалары да зор. Бірақ, келер жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енгенде бұлардың бірқатарын тегін алуға болады. Мемлекет Қазақстан азаматтарына осындай мүмкіндік сыйлап отыр.

Любовь Леонтьева – “Айна көз” көз орталығының бас дәрігері:

– Біз емханалық қызметтің 100-ден астам түрін көрсетеміз. Тың жүйе енгізілгесін қызметтерің пакеті кеңейеді. Тұрғындарға қолжетімді бола алады. Сонымен қатар, науқас қай мекемеде емделгісі келетінін және дәрігерді өзі таңдауға құқылы. Қазақстанның кез-келген жерінде медициналық көмекті ала алады.

Тың жүйеге жекеменшік клиникалардың қатысуы бірінші кезекте медицинаның сапасын арттырады. Мемлекеттік емханалардағы ұзын-сонар кезектер де азаяды. Себебі, клиент үшін бәсекелестік артып, қызметтердің де құны төмендеуі мүмкін.

Лариса Гордеева – ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жекеменшік ұйымдар тапсырысты жеткізушіні таңдауға кірудегі бірқатар кедергілер алынып тасталды. Тамыздың 1-і мен 31-і аралығында медициналық қызметтерді көрсетушілердің бірыңғай тізімі жасақталады. Клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын қызмет түрлерін өздері ұсына алады. Яғни, негізгілерін таңдап ала алады. Бүгінде өңірде 59 жекеменшік медициналық мекеме бар. Оның 16-сы тың жүйенің қатысушысы болып табылады.

Қазіргі таңда СҚО бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қорына 14 млн теңге ақша аударылыпты.

Риат Шони