Спорт

Петропавлда алғаш рет көлікпен жылдам мәнерлеп жүруден жарыс өтеді

Бұл додаға 30-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Көкшетау қаласынан да спортшылар келмек. Қатысушылардың жас ерекшелігі 18-ден жоғары. Тағы мәнерлеп жүру сайысы аясында көрікті көліктердің көрмесі мен автодыбыс жарысы да өтпек. Ауқымды шара шілденің 29-ы күні сағат таңғы тоғызда М.Жұмабаев-Абай және Интернационал көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.

Иван Лаговский – жарыс ұйымдастырушысы:

– Ереже қарапайым. Ұзындығы 1 шақырымдық айналма жол болады. Оның ішкі және де сыртқы жолақтары бар. Сыртқысымен жылдамдықты барынша арттырып өтуге болады. Ал ішкісімен жүргенде 60 км/сағаттан асырмау керек. Тағы конус, баллон сынды кедергілер қойылады. Жарысқа үлкен джип көліктері қатыса алмайды. Өйткені олармен маневр жасау қиын.

Риат Шони