Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл саябағы қалай өзгермек?

 

Жақында облыс әкімдігіне қарама-қарсы алаңның бастауында ескісінен үлкенірек әсем колоннада пайда болады. Ерекшелігі – ортасындағы сахнасы. Облыс орталығындағы барлық мереке-концерт осында өтпек. Әзірге мердігерлер соқтықпаған Абай-Пушкин ескертіші ғана жетімсіреп тұр. Оның жайы не болмақ?

Қайролла Ғалеев, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Абай Пушкин ескерткішіне қатысты мәселе қала құрылысы кеңесінде қарастырылады. Шешімді қоғам мүшелері қабылдайды. Басқа жерге ауыстырылуы мүмкін. Тұрған жерінде қалдырылуы да ғажап емес. Ал, ол маңда болған өзге 10 мүсінді де алып қойдық. Оларда боялып, жөнге келітріліп, орнын таппақ. Ал, Шаталов ескерткішінің жанында Жерлес саясаткер, еңбек ері – Байкен Әшімовтың ескерткіші қойылады. Ал, бұрынғы колоннаданы жеңіс саябағына апардық. Алдымыздағы жұмада орнатылады.

Жаңғырту жұмыстары – саябақтың 31,2 гектар жерін қамтымақ. Бұл үшін жергілікті қазынадан 290 млн теңге қарастырылған. Ескі саябақта да балалар алаңқайы, 20 км велосипед жолы, спорт алаңдары орнатылады. Шаталов ескерткішінің алдында тұрған балалар көліктері мен велосипедтерге арналған велодромға да осы жерден орын бөлінбек.

Қайролла Ғалеев:

– Жастардың ұсыныстарын ескердік. Мәселен олар сұраған жас желкенді жапон төбешіктері жобаға енгізілді. Саябақтағы жаңғырту жүргізілетін жердің аумағы үлкен. Облыс орталығындағы саябақ кең, тұрғындар үшін қызықты әрі ыңғайлы болуы керек. Сондықтан маңайдағы жерді жалға алып, жұмыс істеп жатқан дәмханаларды да сүруге тура келді. Оларға басқа жақтан жер береміз. Енді келіссөз жүргізіліп жатқан біреуі қалды. Олар жермен қоса сатып алған екен. Ол мәселе де бір жақты етіледі.

Ескі орындықтар жаңасына алмастырылып, барлық жаяу жүргінші серуендейтін жолдарға асфальт төселінгіп, шамдар орнатылады. Жаңа жобаның сызбасы саябақта ілулі тұр. Тұрғындар кез-келген уақытта келіп таныса алады.

– Паркте үлкендердің демалуына, балалардың демалуына жерлер болса. Басқа не керек. Тазалық болса жетеді. Қазір қандай өзгеріс болатынын білмейміз.

– Қисайған, шіріген ағаштарды кесе берсін. Арасында ішкен, қаңғыбастар паналайтын әбден өсіп кеткен тоғайларды алып тасатса құптаймыз. Бірақ кеше көзімізше ақ қайыңдарды қиып тастады. Табиғаттың сыйы ғой. Қаланы абаттандыру үшін керісінше ағаш егу керек қой. Кейінгі уақытта егіп жатқан барлық қарағайлар шіріп кетіп жатыр. Оларға күтім керек.

Қаланың ортасында орналасқан Петропавл саябағында 800 мың түп ағаш бар. Ал, бұл жердегі алаңды үлкейту үшін 2 мың ағаш балтаға ілікпек. Қазір 150-і құлатылып үлгерген. Тұрғындардың бұл үшін уайымдамауына болады, себебі, әр кесілген ағаштың орны толықтырылатын болады. 2000 түп шетен, қарағай, қайың ағаштары егілмек.

Саябақтағы барлық жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Акбопе Танирберген