МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Гүлдене бер, туған ел!” акциясы жалғасуда

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

 

– “Жас Отан” ЖҚ облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, “Гүлдене бер, туғал ел” акциясын ұйымдастыруда. Бүгін біз қаламыздың үлкені де, кішісі де келетін орталық саябақты жинастырмақпыз.

Аз уақыт ішінде қыз-жігіттер қапшықтарды шыны және пластик бөтелкелер мен өзге де қоқысқа толтыра бастады. Алтынбек Иманов болса, тіпті, межеден де асып түсті. Ол бар болғаны 20 минутта 37 келі қоқыс жинаған. Оның барлығы тек шыны ғана. Белгіленген аумақты тазартып, қаланың гүлденуіне үлес қосқаныма қуаныштымын дейді студент.

Алтынбек Иманбек – студент:

– Бұндай акцияларға қатысу себебім – бұл саябаққа келетін адамдар ауасы таза жерде демалсы деймін. Сондай-ақ, аумақты шыны бөтелкелердің бөліктері жатыр. Балалар оны ұстап, жарақаттануы мүмкін.

Қызықты әрі шаһардың гүлденуіне пайдасын тигізген сайыстың нәтижелері бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықпен марапатталды. Қатты қоқысты жинау аталымы бойынша Алтынбек Иманбек жеңіске жетсе, келесі аталымда 10 келі пластик бөтелке жинаған Дана Смағұлова 1-ші орыннан көрінді. Жалпы, шарада 400-келіге жуық қоқыс жиылған.

 

Эльмира Садвокасова