Құқық қорғау органдары

Көршілердің арасындағы дау адам өлімімен аяқталды

АСАН МЕЙРАМОВ – Петропавл қаласы ІІБ бастығының бірінші орынбасары:

 

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында саяжайдағы көршілерін өлтірген 1962 жылғы петропавлдық ұсталды. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есепте тұрмаған.

Қазір қанды қол қылмыскер көршілерін өлтіріп тастағанын толық мойындап отыр. Қайғылы оқиға – екі көршінің арасындағы көптен бергі келіспеушілік пен ашу-ызаның нәтижесі. Ер азамат жұбайларды атып тастаған.

– Сіз қаруды қалай ұстағаныңызды көрсетіңізші?

– Бір қолмен.

-Қайда аттыңыз?

– Арқасына.

– Оқ атқаннан кейін қандай әрекет еттіңіз?

– Ол құлады – мен есікті жаптым.

– Ол қалай етбетімен құлады ма?

– Иә.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыскер 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Акбопе Танирберген