Құқық қорғау органдары

Зейнеткерлерді алдаған 35 жастағы келіншек ұсталды

Нина Иванова – жәбірленуші:

– Алаяқ келіншек менің және көршімнің атын білетініне аң-таң болдым.Ол «Ақша беріңізші, мені көршіңіз Ира жіберіп еді. Құбырдан су ағып жатқандықтан, ол шыға алмайды»- деді. Мен әлгі әйелге: «Мен Сізді танымаймын ғой»,- дедім. Ол болса, мен Ираны білемін деді. Оның арбауына қалай түскенімді білмей де қалдым.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Тәртіп сақшылары келіншектің бес бірдей адамды алдап кеткенін анықтапты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қайрат Қаражігітов – Петропавл қалалық ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Сыпайы сөйлеген бейнатыс адамдарға күдікпен қарауға кеңес береміз. Жақсы білетін адамдарыңыз туралы айтса да бөтенге сенбеңіз. Міндетті түрде танысыңызға қоңырау шалып, тексеріңіз.

Бірінші жартыжылдықта облыста 112 алаяқтық фактісі тіркелген. 89-ын полицейлер ашыпты.

Берік Қасен