Білім

СҚО-да биыл 661 жұмыссыз нарықта сұранысқа ие мамандықтарға оқып шықты

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Бүгін қызмет көрсету саласы колледжінің шашатараз бөлімінде білім алушылар ерекше қобалжулы. Өңір аудандарынан келген 7 келіншек мұнда 3 ай бойы шаш өріп, қиып сәндеуді меңгерген. Ал, бүгін бар үйренгендерін көрсетулері керек. Қазір мен шашымды Қызылжар ауданына келген Натальяға сеніп тапсырдым. Қандай сән үлгісін жасап жатырсыз?.

Наталья Пацер, шаштараз:

– Қазір мен сізге қисық бұрым өрудемін. Ол 3Д деп те аталып жүр. Өрудің сан түрін, бұйралауды, кешкі шаш үлгілерін жасауды меңгеріп алдым. Енді ауылға барып өз шашатаразымды ашатын шығармын.

Бұл қыздардың ендігі серігі қайшы мен тарақ. Шаштараз мамандығының қыр-сырын үш ай ішінде – Әсем Сейітова да меңгеріп алды. 5 перезентті дүниеге әкелген ана осы уақытқа дейін бала тәрбиесімен айналысып, жұмыссыз отырып қалыпты. Халықты жұмыспен қамту орталығы нәзікжандыны бірден 3 айлық оқуға бағыттаған. Мұның арқасында қазір ерлердің шашын алып, әйелдер мен кішкентай қыздардың да қалаған сән үлігісін лезде жасап береді. Айына 28 мың теңге шәкіртақысы мен жол ақысын да тұрақты алып тұрған.

Ал, колледждің келесі цехынан шыққан иіс тәбетті баурайды. Мұнда тәттілердің түр-түрі тізіліп тұр. Кондитер бөлімін бүгін 38 адам аяқтап, емтихан жұмысына дәмді торттар әзірлеп келген. Алтыншаш Манготова өз тағамының құрамын да жасырмады. 41 жасқа келгенше жұмыссыз болған азаматша дәмханаға кіріп еңбектеніп, нәпақа табуды көздейді. Болмаса үйде де тапсырыс қабылдай бермек.

Ал, кондитерлердің әзірлеген торттардың дәмін анайы комиссия мүшелері татып көріп, бағасын береді. Олардың арасында ұнаған маманды еңбекке қабылдауға дайын ұжымдар да бар.
Солтүстік Қазақстанда биыл азамттарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту үшін 292 млн теңге бөлінген. Жұмыспен қамту орталығы арқылы білім алуға 661 теріскейлік бағытталған. Өңірде бұл бағытта 11 колледж жұмыс жасайды. Оның 5-уі Петропавлда.

 

Акбопе Танирберген