МТРА жаңалықтары

“Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының СҚОФ бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысы бойынша республикада 2 орынды иеленді.

Мархаба Қуантаева, “Өрлеу” БАҰО СҚОФ директорының орынбасары: 

– Біліктілікті арттыру курстарының сапасы, әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қызметкерлердің кәсіби шеберліктері ескерілді.

Біліктілікті арттыру орталығының жергілікті филиалы тілдік-пәндік курстардың қорытындысы бойынша алдына жан салмаған. Мұнда жаратылыстану-математика циклінің мұғалімдері өз пәндері бойынша ағылшын тілінде сабақ беруге машқытанған. Үштілділік саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған курстарды бірініші жартыжылдықта 18 педагог аяқтапты. Барлығы соңғы сынақтан сүрінбей өтіп, тиісті сертификаттарын алған.

Мархаба Қуантаева, “Өрлеу” БАҰО СҚОФ директорының орынбасары:

– 27 наурыз бен 16 маусым аралығында 470 сағаттық курсты ұйымдастырдық. Екінші жартыжылдықта 14 тамыздан бастап 640 сағаттық курстар бастау алады. Осыған орай шетелдік жаттықытырушыларды шақыру жоспарда.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартылдығында ғана облысытық “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының курстарынан аймақтық 3216 ұстаз өткен. Олардың қорытынды емтихандарды тапсыру көрсеткіші 100%. Енді аталмыш педагогтар алдағы 5 жылда үйренгендерін мектеп қабырғасында тиімді пайдалану мүмкіндігіне ие. Айта кеткен жөн, бұл үрдіс институт қызметкерлерінің қатаң бақылауында

 

Саят Ермек