Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары жартыжылдықты қорытындылады

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Бұл әрине, біраз өткізген іс-шаралардың арқасында. Сонымен қатар, көшеде жасалған қылмыстардың да саны азаюда, қоғамдық жерлерде жасалып жатқан қылмыстардың саны былтырмен салыстырғанда 6 айда 17 пайызға төмендеген. Тағы да айта кету керек, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар да азайды.

Сондай-ақ, жарты жылда 70 мыңнан астам әкімшілік заңбұзушылық анықталыпты. Әсіресе, өңірде жол көлік ережесін сақтамағандардың қатары көп. Мәселен, алты айда ортақ тәртіпке көнбеген 43 мың жүргізуші жауапқа тартылды. Олардың дені мас күйінде көлік айдап, жол үстінде ұялы телефонмен сөйлесіп, қауіпсіздік белбеуін тақпаған екен.

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:


–  32 мыңнан астам азаматқа 257 млн. теңге айыппұл салынды. Әзірге, оның тек қана 179 млн. өндіріліп алынды.

Жалпы соңғы 6 айда қылмыстық істердің ашылуы 2,8 пайызға жақсарып, 75,5 пайызды құрады. Айта кетсек, кісі өлімі, дене жарақатын салу, қарақшылық, бопсалаушылық жағдайлары 100 пайыз анықталып, уақытылы шаралар қолданылуда. Бөтеннің мүлкіне қол сұғып ұрлау фактілері де төмендеген көрінеді. Айта кетсек, былтыр 775 пәтер ұрлығы орын алса, биыл 592 үйге ұрыс түскен.

Тогжан Акмагамбетова