МТРА жаңалықтары

“Ұшқын” лагерінде “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелерімен кездесу өтті

Олардың ішіндегі ең ерекшесі мына шыны бөтелке. Оны халық арасында “әскерге жаңадан алынған солдаттың құтысы” деп те атап кеткен. Соғыс жылдары алюминий жетіспеген кезеңде, жауынгерлерге дәл осындай бөтелке беріліпті.

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Балаларға “Саланг” клубының қызметі жайлы айтып, оларды әскери өмірмен таныстырғымыз келеді. Сондай-ақ, майдан шебіне аттанып, жауға қарсы шыққан жауынгерлер рухына тағзым етпекпіз. Бұндай шаралар балғындарды Отан алдындағы борыштарын өтеуге шақырып, патриоттық сезімге тәрбиелейді.

“Саланг” әскери-патриоттық клубының құрылғанына 30 жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде Александр Азегов 2 полкті тәрбиелеп шыққан. Бүгінде клубқа 20-ға жуық жасөспірім мүшелік етуде. Олардың әскери өмірі бүгіннен-ақ бастау алған. “Курсант” деп саналатын балалар күнделікті дайындықтан өтіп, түрлі қазба жұмыстарына аттанады. Лагерьдегі балғындармен сұхбаттасқан олар, кездесу соңында қоян-қолтық ұрыстан шеберлік сабағын да өткізді.

Тимур Испаев:


– Өз басым ер бала болғандықтан, әскерге барамын. Сондықтан, аталмыш клубтың жұмысы мен үшін маңызды. Болашақта олардың қатарына қосылып, қазба жұмыстарына қатысқым келеді.

Жалпы өңірімізде бүгінде 10-ға жуық әскери-патриоттық клуб жұмыс істеуде.

 

Эльмира Садвокасова