Білім

ҰБТ 177 солтүстікқазақстандық түлек шекті 50 ұпайды жинай алмады

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

– Осыған қарап біз қала мен ауыл, қазақжәне орыс мектептерінің арасындағы білім деңгейінің айырмашылығы азайып келе жатқандығын байқаймыз. Облысымызда ең жоғары баллды қалалық 1 лицейдің түлегі Нұрсан Валеев алды. Ол 134 балл жинады. Ал бір оқушы небары 26 балл алды. 177 түлек шекті 50 балды жинай алмады.

Шекті балды жинай алмағандарға екінші мүмкіндік беріледі. Олар тамыздың 1-8 аралығында құжат тапсырып, сол айдың 19-24-і аралығында қайтадан ақылы түрде тестілеуден өте алады. Бірақ мемлекеттік гранттақа үміт арта алмайды.

Ал маусым айында ҰБТ-ден ең жоғары нәтиже көрсеткендері тегін оқиды. Биыл отандық ЖОО-дарына 39 мың грант бөлінген.

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

– Мемлекеттік грант техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық мандықтарына көп бөлінді. Талапкерлерді осы мамандықтарға бет бұруға шақырамын. Былтыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университетіне 464 грант бөлінген. Былтыр да сол көлемде бөлінетін шығар.

Шілденің 20 өткен жылы мектеп бітірушілер мен колледж түлектері кешенді тестіні тапсырыпты. Оның да талаптары өзгергендігін айта кеткен жөн.

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

– Кешенді емхтиханда талапкерлер бұрынғынғыдай 5 пән бойынша емес, өз мамандықтарына сайкелетін бейінді 2 пәнен тест сұрақтарына жауап береді.

Кешенді тестен жоғары ұпай алғандар мемлекеттік грантқа үміт арта алады.

Берік Қасен