Спорт

Петропавлда жазғы биатлоннан ел чемпионаты бастау алды

Раис Хайрутдинов – жарыстың бас төрешісі, Қарағанды қаласы:

– Бәсекеге 160-тан аса жасөспірім қатыспақ. Олар 3 күн бойы сынға түседі. Алдымен спринттік дода өтеді. Кейін, жекелей және құрамалық сайыс ұйымдастырылмақ. Әр сайыста ұлдар 4-5 ал, қыздар 3-4 шақырым жүгіреді. Жүгіру кезінде жастар ату межесінде нысана көздейді.

Көп кешікпей спортшылардың бір сыпырасы жаттығуға кірісті. Ұл-қыздар жүгіріп дене қыздырды. Маңайға бой үйретті.

Ал, мына жерде құралайды көзге ататын жастар жүр. Оларнысанды көздеп дәлдіктерін ретке келтіруде. Мергендердің қатарында жерлесіміз – Екатерина Ковалева да бар. Жасөспірім жарыстың жеңімпазы атануға ниетті.

Екатерина Ковалева – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Қарсыластарымыз өте мықты. Бізде оңай шағылар жаңғақ емеспіз. Жақсы дайындалдық. Өзім жазғы биалтонмен 2 жыл айналысамын. Бұған дейін де мұндай ірі додаларға қатысып, тәжірбие жинақтадым. Енді, ел чемпионатында барымды салып, 1-ші орын алсам деймін.

Жыл артқан сайын Қазақстанда қысқы және жазғы биатлонның деңгейі өсіп келеді. Бүгінгі таңда елімізде бұл спорт түрімен 1500-нан аса адам айналысады.

Мақсат Шаранов – Биатлоннан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана қаласы:

– Қазақстанда биатлон жақсы дамып келеді. Оған дәлелі былтыр өткен Азия ойындары мен Универсиада да отандастарымыз көп медаль иеленді.

Айта кетейік, Петропавлда жазғы биатлоннан ел чемпионаты ертең басталады. Сайыс шілденің 25-і күні өз мәресіне жетпек.

 

Култанов Байболат