Спорт

ЕС – 164/3 түзету мекемесінде дәстүрлі жазғы спартакиада бастау алды

Айқын Баженов – ЕС-164/3 ММ бастығының орынбасары:

– Бұндай шаралар арқылы сотталғандар арасындағы ұйымшылдық пен сенімді арттырмақпыз.

Алғашқы сайыс қол күресінен ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілер бүгін армрестлингпен кәсіби түрде айналысатын спортшылармен бақ таластырды. Жеңіс бірде сотталғандарға бұйырса, келесіде спортшылар намысты қолдан бермеуге тырысты.

Дәстүрлі жарысқа Марлен Сбанов та қатысып жатыр. 22 жастағы азамат бұл мекемеге ұрлық жасағаны үшін түскен. Жазасын 2014 жылдан бері өтеуде. Былтыр командасымен волейбол ойынында бақ сынап, көңіл көншітерлік нәтижеге қол жеткізе алмаған. Бір жыл дайындықтан кейін жеңіске жететіндеріне сенімді.

Марлен Сбанов – жазасын өтеуші:

– Бостандықта өзім үшін спортпен шұғылданғанмын. Қазір осы мекемеде де бос уақытымзда қол күреспен айналысып, волейбол ойнаймын.

ЕС-164/3 түзету мекемесінде қазіргі таңда 500-дей азамат жазасын өтеуде. Олардың тең жартысы жазғы спартакидада өнер көрсетпек. Дода нәтижесі бойынша, жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Эльмира Садвокасова