МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-2017 көрмесін күніне 40 мыңға жуық адам тамашалайды

Неля Сидорова, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Болашақта жүзеге асыруға болатын біздің жетістіктерімізді көргім келеді. Көршілес Ресей Федерациясы павильоны мен Қазақстан тығыз қарым-қатынас орнатқан өзге де елдердің нысандарын араламақпын. Техникалық маман иесі, темір жол қызметкері ретінде мені Қазақстанның осы саладағы мүмкіншіліктері қызықтырады.

Барлығы орындарына жайғасты. 5 сағат жолдан кейін, Елордасы өзінің жаңа қонақтарын қарсы алмақ. Қазақстан, Германия, Корея, Қытай өз елдеріндегі жасыл энергия саласындағы тың идеялары мен жаңашыл жобаларымен таныстырады.

Ильдар Құрмашев ЭКСПО көрмесін өз көзімен көрген адам. Оны шараның ауқымдылығы таңдай қақтырыпты. Азамат павильондардың барлығын дерлік аралап шыққан. Ондаған мемлекет өкілдерімен бірлесіп энергия көзін жинап, өз қолымызбен өндірдік дейді қала тұрғыны.

Ильдар Құрмашев, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Мәселен, Австрия павильонында күн батареялары орналастырылған ғимараттары бар таулы асуларды көруге болады. Биік шыңда күннің көзі өте ыстық. Яғни, ол жерден бұл энергия көзін оңай алуға болады. Әрбір мемлекет жасыл энергия саласына өздерінің бейімдеріне қарай басымдық береді. Бір ел жел, күн энергиясына мән берсе, енді бірін судың көтерілуі мен қайтуынан алынатын қуат қызықтырады.

Ең қызықты павильон – “Нұр Әлем” сферасын Ильдар ең соңына калдырыпты. Бірер минут ұзын сонар кезекте тұрғаннан кейін, болашақ әлемді көргендей болдым дейді. Жел қондырғылары, электркөліктері – нысан ішінде бәрі бар! Бір қызығы – заманауи технологиялар мен қондырғылар арасынан солтүстікқазақстандықтың басты назары қарапайым шөпке ауыпты.

Ильдар Құрмашев, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Бұл жасыл шөп қайдан келген? Бірден жасанды ма екен деген ой келді. Жақынырақ келіп, тіпті, ұстап та көрдім. Табиғи екен. Одан кейін, өсімдіктерден алынатын биоотын зертханасы орналасқан. Бұл ақпарат мені таң қалдырмай қоймады. Дамыған елдерде бұл технология жемісті жұмыс жасап келеді. Қазақстан да көп кешікпей жасыл энергетикаға ішінара көшсе нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, пайдалы қазбаларымыз үнемделеді. Бұл мәселені шешуде ЭКСПО көрмесі бізге көмек бермек.

Мына бір топ студенттер де өткен аптада басты оқиғаның куәгері атаныпты. Күні бойы қыз-жігіттер түрлі павильондарды аралаған. ЭКСПО шарасын әрбір адам ташалау қажет дейді олар. Себебі көрмеден мол мағлұмат алуға болады.

Саят Ермек , житель г. Петропавловска:

– Мені адамдардың энергияны күнделікті өмірде үнемдей алатыны таң қалдырды. Бұл бөлмеден шығарда жарықты сөндіру немесе жуынғанда суды тоқтатумен шектелмейді. Мәселен, картопты жартылай суға салып пісіруге болады. Бұндай әдіспен біз тек тіршілік көзін ғана емес, газды да үнемдемекпіз. Бұның барлығын Швейцария павильонынан білдік. Тағы бір қызық жағдай – сол картоп қабығын биоотын ретінде пайдалануға болады. Болашақта аталмыш технологиялар елімізде де қолданысқа енгізіледі деп үміттенемін.

Гулимжан Каирбекова, житель г. Петропаловска:

– Маған Япония павильоны ұнады. Бізге пайдалы қазбалары аз мемлекет бола тұра, алдынғы қатарлы елдер арасына қалай кіруге болатынын көрсетті. Олар баламалы энергия көздерін пайдаланады. Жел мен күн. Бізде бұл қарқынды дамымаған.

Көрменің ашылу күнінен бастап, миллионнан астам адам түрлі елдердің мәдениетімен танысып, заманауи жобаларды көріп үлгерген. Орташа есеппен көрмеге күніне 40 мыңдай адам келуде. Ал барлық нысанның келушілер санын қоса алсақ, бұл 8 миллион 800 мыннан астамды құрайды. Ең үздік халықаралық павильондар қатарында Африка, Египет, Ресей және Япония бар. Сондай-ақ, көрме қонақтары Индия, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Тайланд пен Малайзия павильондарын тамашалауға тырысады. Ал, солтүстікқазақстандықтар болса Қытай, Корея мен Германия, және, әлбетте қазақстандық “Нұр Әлемге” ерекше баға беруде. Бүгінде аталмыш сфера келушілер саны бойынша көш бастап тұр.

Телеканал МТРК, рекламный сюжет про ЭКСПО

 

Эльмира Садвокасова