МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданында жол жөнделуде

Мұрат Маусымбаев, “Дорсервис Көкшетау” ЖШС учаске басшысы:

– Мұнда 20 техника 11 адам тер төгуде. Жұмыстың жартысынан көбін бітірдік.

Биыл облыстық маңыздағы жолдардың күтіміне 1 млрд 180 миллион теңгеден артық қаражат бөлінді. Оның 131 миллионы жүзеге асырылған. Мәселен “Арықбалық-Саумалкөл” бағытындағы 8 км жолдың орташа жөндеуі жақында аяқталыпты.

Бұдан бөлек биыл аудан аумағында орналасқан республикалық жолдардың 36 шақырымы жөнделеді.

Айдын Қазжанов, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

– Республикалық жолдардың күтіміне ел қазынасынан 98 млн 900 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа қазір “Қарасай батыр” мемориалының кіреберісі және Көкшетау-Рузаевка бағытындағы жолдарға ағымдағы жөндеу және шұңқырларды жамау жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл Айыртаудағы аудандық маңызға ие жолдардың жөндеуіне бөлінген қаржы да жылдағыдан көп артық. 134 млн 800 мың теңгеге ауылдық жерлердің жолдары қалыпқа келітіріліп жатыр. Мысалы қазір Лобанова – Саумалкөл-Петропавл тас жолының шұрық тесігі жамалуда.

Жалпы Айыртау ауданындағы жолдар 1100 км шақырымды құрайды. Оның 106 километрі республикалық маңыздағы, 314-і облыстық, қалғаны аудандық дәрежедегі жолдар. Аудан басшылығы сәуір айында басталған барлық жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп сендіріп отыр.

Акбопе Танирберген