Денсаулық сақтау

СҚО әлеуметтік маңызы бар ауруларды алдын алуға көмектесетін мобильдік қосымшалар әзірленді

Білікті маманан консультацияны қашықтықтан алып, кол орталыққа қоңырау шалуға болады. Ол үшін «онкоскрин» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Қосымшаны қыркүйек айынан бастап плеймаркет арқылы жүктеп алуға болады. Бағдарламаны облыстық кардиололгиялық орталығының дәрігері Дмитрий Те “НЕП” компаниясымен бірлесе жасапты.

Дмитрий Тё -СҚО кардиологиялық орталығының рентген-хирургі:

– Біздің бағдарламамызға қазақстандық мамандар жоғары бағасын берді. Мобильдік қосымшада тест бар. Барлық 30 сұраққа жауап беріп, онкологиялық аурудың сатысын анықтауға мүмкіндік береді.

Ал мына «Проф ит» компаниясының веб-қосымшасы. «АнтиИнсульт» деп аталады. Қанатқақты жобаны үшінші емхана қолданысқа енгізген. Оның көмегімен мамандар 2 аптаның ішінде 2,5 мың петропавлдықты тексерген. Нәтижесінде мыңға жуығы ерекше бақылауға алынды.

Алексей Цой – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

– Алдын алу тұрғысынан алып қарасақ өте ыңғайлы ресурс екен. Осыған ұқсасы Еуропада әзірленген. Енді онда өнім Қазақстанда да бар. Пилоттық жобаларыңыз сәтті болса, министрлікке ұсынып, ел бойынша тарату жағын қарастырып көріңіздер.

Вице-министр 3 қалалық емхананың ішін аралады. Мұнда дәрігерлерден бөлек психологтардан да консультация алуға болады.

Берік Қасен