Өнеркәсіп

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ болды

Кейін, мейман зауыттың өндіріс цехына соқты. Мұнда қайнаған қызу жұмыс. 1-ші залда мамандар энергетика, жүк көтеру, темір жол саласында қолданылатын бөлшектерді жасауда.
Жалпы биыл кәсіпорын 7 млрд теңгенің тауарын шығармақ ниетте. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыру үшін жаңадан қондырғылар сатып алу қажет екен.

Қуаныш Бишімов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

– Бізге зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін Үкіметтен қолдау болса. Мәселен, заманауи қондырғылардың арқасында тауар көлемін арттырудың мүмкіндігі туады. Экспорт та ұлғаяды. Болашақта өтінішіміз ескеріледі деген оймамын.

Жалпы, бүгінгі күні “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ 1000-ға жуық маман қызмет етіп жатыр. Жыл артқан сайын ауыр өнеркәсіпте жұмыс істеймін деген жастардың саны көбейіп келеді екен.

Ерлан Ахметов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ учаске басшысы:

– Бұл жерде еңбек етіп жатқаныма 5 жыл болды. Университетте оқып жүргенде осында өндірістік тәжірбиеден өткен едім. Менің талпынысымды байқап басшылық қызметке алды. Қазір учаске басшысымын. Өзіме жұмысым ұнайды. Жалақы да жақсы. Уақытылы төлеп тұрады.

Зауытта жасаған сапары соңында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңірдегі басқа да кәсіпорын басшыларымен кездесті.

 

Култанов Байболат