МТРА жаңалықтары

Петропавлда жылу беру маусымына қызу дайындық жүргізілуде

ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ – «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Көмірдің құнарлылығының нормасы 2200 шамасында болса, 2500-2700 құнарлылықпен жеткізіледі. Тексеру жұмыстары жылу беру маусымына дейін жалғасын табатын болады. Біз көмірдің сапасын, көмір қалдығын, қажетті талапқа сәйкестігін тексереміз.

Ағымдағы жылы серіктестік өңірімізге 145 мың тонна көлемінде көмір жеткізуді жоспарлап отыр.

АЛЕКСАНДР КОНДРАТОВ – «ТЭК-АЛЬЯНС ЖОЛЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

– Оңтүстік Орал темір жолында туындайтын мәселелер Аксес Көмір басшылығы, Кәсіпкерлер палатасы және “Нұр Отан” партиясының көмегімен шешімін тапты. Сондай-ақ, жеткізу мәселесі де қолға алынды. Енді тұтынушыларға, мектеп және ауруханаларға өте сапалы көмір уақытылы әкелінетін болады. Ауқымды жұмысты “Богатырь Аксес Көмір” компаниясы өзінің ресми дилері «Опт-Холдинг»-пен бірге жүргізген.

“Опт Холдинг” ЖШС салықтық базасы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Бүгінге дейін теріскейге тиісті көмірдің жартысы дерлік жеткізіліпті.

 

Эльмира Садвокасова