МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясының белсенділері қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

– 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблесы «Нұр Отан» партиясымен меморандумға отырды. Осының аясында жақында «Сабантой» мерекесін, «Қымыз фест» фестивалін біз бірлесе отырып өткіздік. Бұл жұмыстардың бәрі Елбасының рухани жаңғыру мақаласында қойылған мақсаттарды орындау аясында атқарылып жатыр.

Бұл кездесудің форматы бөлек. Дәстүрлі баяндамаларды шағын экскурсиялар алмастырды. Этномәдени орталықтардың өкілдері партия белсенділерін ұлттық киім үлгілерімен, музыкалық аспаптарымен және әдет-ғұрыптарымен таныстырып, музей қорына жаңа әдебиеттерді табыс етті.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 25 этномәдени орталық жұмыс жасайды. Олардың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ағымдағы жылы 2000-ға жуық үлкенді-кішілі іс-шара өткізуді жоспарлаған.

Наиль Салимов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Осы жылы біз «100 жаңа есім», «Туған жер» секілді ауқымды жобалар бойынша жұмыс жасаудамыз. Барлығы – Елбасының тапсырмасымен қолған алынған жобалар. Сондықтан, бұған өңіріміздегі бүкіл дерлік этномәдени орталықтар жұмылдырылды.

Жиын соңында қатысушылар музейдегі Тұңғыш Президент залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.

Саят Ермек