МТРА жаңалықтары

СҚО статистика департаменті жарты жылдықты қорытындылады

Ауыл шаруашылығы саласы Солтүстік Қазақстанның экономикалық өсіміне сүбелі үлес қосып отыр. Мәселен, теріскейліктер қаңтар мен маусым айлары ішінде аталған секторда 57,3 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Бұл былтырғыдан 1,1 пайызға көп. Өңірде мал басының саны да артуда. Әсіресе, биыл Зеңгі баба төлі 8,1 пайызға көбейген екен. Тағы, облыстағы өнеркәсіп ошақтарында дайындалатын тауардың көлемі де артуда.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Жарты жыл ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында 103,3 млрд теңгенінің өнімі шығарды. Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған тауар көлемі 70 млрд теңгені құрады.

Тағы, құрылыс саласында да алға жылжу бар. Жыл басынан облыста 54 мыңнан аса шаршы метр тұрғын үй тапсырылыпты. Бұл бағыттағы өсу индексі бойынша біздің өңір республикада 3 орынға ие.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Қаңтар-маусым айлары аралығында құрылыс жұмыстарына 14,2 млрд теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына 6.7 млрд теңге игерілді.

Биыл облыста бағалар мен тарифтер де өсіп отыр. Статистердің соңғы мәліметінше өңірдегі инфляция көлемі 4,8 пайызды құрайды. Ал, республикада бұл көрсеткіш – 3,7 пайыз. Осыған сәйкес аймағымызда азық-түлік пен коммуналдық қызмет түрлерінің құны көтерілген.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Азық-түлік тауарлары 4,8 пайызға қымбаттады. Коммуналдық қызмет түрлері: сумен жабдықтау – 28,4 пайызға, орталықтан жылыту – 21,6 пайызға артты.

Тағы, аймағымызда жеміс-жидек пен көкеністердің де бағасы 13-тен астам пайызға қымбаттаған. Айта кеткен жөн, өңір бойынша жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі маусым айында 22 мың 636 теңгені құрап отыр.

 

Култанов Байболат