Құқық қорғау органдары

СҚО тәртіп сақшылары ұрланған 40 көліктің 36-сын іздеп тапты

Жігіт темір тұлпарды қиналмай оталдырып, Есіл ауданындағы ауылына бағыт алған. Орта жолда техникадан ақау шығып, межелі жеріне жете алмады. Қозғалқыштағы сымдардың қысқа тұйықталуынан көлік өртеніп, баукеспе оқиға орнынан бой тасалап үлгерген. Бірақ көп кешікпей тәртіп сақшылары оны ұстады.

Гүлбану Ахметжанова – Мамлют ауданы ІІБ тергеушісі:

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғыны анықталды. Қолды болған автокөлік шыққан ақаулардан түгелдей өртеніп кетті.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Гүлбану Ахметжанова – Мамлют ауданы ІІБ тергеушісі:

– Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы бойынша күдікті жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Былтырдан бері тәртіп сақшылары ұрланған 40 көліктің 36-сын іздеп тауыпты. Мамандар көлікке дабыл құрылғыларын орнатуға кеңес береді.

Берік Қасен