Қоғам

Қызылжар ауданына биыл оңтүстіктен 7 отбасы көшіп келді

Юсубали Шералиев, “Бегалиев А.Ю” ЖК жұмысшысы, Қызылжар ауданының тұрғыны:

– Адамдары жақсы. жері жақсы. Жерді кеңейтіп квота берді. 560 мың ақша алдық. Немере балаларым келінім, әйеліңм. Соны салып, үй салып мал алмақпыз. 01:28 Балаларым қора салып мал бақса, әйелім өзім аспазбын сол бойынша жұмыс істесек кез-келген жерде келісе береміз.

Бұл алқапты Бегалиевтер әулетіндегі барлық 9 жан күтіп баптайды. Жұмыс күші жетпей жатса ауыл тұрғындарын шақыртып ақысын төлейді. Былтыр барлық 5,5 гектар жерге көкөніс егіп әжептеуір өнім алған. Ал, биыл көктемде бұл жерді су алып, шаруалар тұқымды 3 гектар ғана жерге оның үстіне 1,5 айға кеш егіпті. Диқанның өз құпиясы бар. Қанша кешіксе де күзде жұртпен қатар өнім аламын деп отыр. Қазір 4 түрлі қырықжапырақтың 40 мың түп көшеті дайын дұр.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Мына жерге қызыл қырыққабаттың тұқымы себілген. Ендігі жетілген өскінді бүгін шаруалар жеке-жеке бөліп егуді бастайды. Бұл үшін 1,5 гектар жерді әзірлеп қойған. Екі орамжапырақтың арасы 30-35 см болу керек. Піскеннен кейін біреуінің салмағы 2 км-ге дейін жетеді.

Ал, одан алысырақта 40 мың түп қияр егілген. Оның біреуінен 7 килограммға дейін өнім алуға болады. Былтыр диқан алқаптан күніне жарты тонна қияр жинап отырыпты. Биыл шалқанның үш түрін, сәбіз, қызылша отырғызған. Оны кейін қаладағы базарларға апарып арзанға саудалайды. Ақысына күзге таман 10-12 сиыр сатып алмақшы.

Умарали Бегалиев, “Бегалиев А.Ю” ЖК жұмысшысы, Қызылжар ауданының тұрғыны:

– Қызылша, сәбіз, шалқан ектік. Енді сатамыз. Келер жылы саяжай саламыз.

Оңтүстіктен келген диқандар ашқан тағы бір құпия біздің жердің құнарлылығы 70-80 пайызды құраса, оңтүстікте бұл көрсеткіш 18-20 пайыз ғана. Сондықтан да ол жақта бақшаға өсімдік екпес бұрын жерді міндетті түрде дәрілеу керек. Есесіне бақшадан бір жазда екі рет өнім алады. Ал, теріскейде бір рет еккен өнім өзін екі есе ақтап шығады. Әрі табиғи таза. Жерге себетін түрлі химикаттарға шығындалмайсың дейді.

Жалпы былтыр Қызылжар ауданына оңтүстіктен көшірілген 16 отбасының барлығы да баспанамен, жұмыспен қамтылған.

Раушан Текебаева, Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Былтыр келгендердің отағасына 50 АЕК көлемінде, өзге мүшелеріне 35 АЕК көлемінде ақы төленді. Ал, биыл бағдарламада өзгешеліктер бар. Барлық отбасы мүшесіне бірдей қоныс аудару үшін 35 АЕК көлемінде қаржы төленеді. Сосын бір жылға үй жалдап тұру үшін жан басы бесеуден көп отбасыларға 22 АЕК, 4 адамнан аз болса 18 АЕК көлемінде ақша беріледі. Бұл да көтерме ақыға кіреді. Барлығы да екі қолға бір күрек тапты.

Қызылжар ауданына биыл да 7 отбасы қоныс аударған.

Акбопе Танирберген