Денсаулық сақтау

3 жасар бала 3-ші қабаттан құлап ауыр халде жатыр

Антон Соколов:

– Біз балалармен кім жылдам жүгіретінін тексеріп жарысқан болатынбыз. Аяғым шалынып құладым. Нәтижесінде қолымды сындырым алдым. Екінші жүгіріп келе жатқан болатынмын. Бұған дейін мұндай жарақат алып көрмегенмін. Қазір жазылып келе жатырмын. Бұдан былай абай боламын.

Жаз басталасымен балалар ойын қуалап, көп уақытын далада өткізеді. Алаңқайларда абайсызда жарақат алып жататындарда көптеп кездеседі бұл мезгілде. Тіпті, ата-ананың салғырттығынан да опық жеп қалатын жәйттар да бар. Мәселен, Петропавлда 1 жас 10 айлық нәресте 6-шы қабаттан құлаған. Түрлі дене жарақаттарын алыпты. Әйтеуір аман. Жалпы облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесіндегілер бір айдың ішінде үш жасөспірімге илизаров аппаратын орнатып үлгерген. Біреуінің иығы сынса, келісісілердің жіліншіктеріне зақым келген.

Асылхан Жағыпаров – облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы:

– Үшініші қабаттан құлаған бір бала бар. Ауыр халде жатыр. Миына ауыр зақым келген. Жасанды дем алу аппаратына қосылған.

Балалардың абайсызда опық жеуі былтырғы жылмен салыстырғанда азаймай тұр. Тек биылғысындағы жарақаттар күрделі.

Асылхан Жағыпаров – облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы:

– Қазір әйнектер ашық қалып жатады. Сонда шығамын деп балалар құлап кетіп жатады. Биіктіктен құлайтынтар 1-ден 3 жасқа дейінгілер.

Жалпы бүгінде жарақат бөлімшесінде 33 жатын орын болса, соның 30-ы толып тұр.

 

Риат Шони