Спорт

Жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” ФК Екібастұз құрамасын тізе бүктірді

Гол авторы 7 нөмірдегі шабуылшы Тимур Мулдинов атанды. Бұдан соң да қызылжарлықтардың қарқыны бәсеңдемеді. Алдыңғы шептегі жігіттеріміз қарқылас қақпашыны жиі мазалады. Кей сәттерде “Екібастұз” командасының аяқ доп шеберлері де көзге түсті. Дегенмен, тас қамал қорғаушыларымыз қателікке жол бермеді. Осылайша алғашқы тайм 1-де 0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

– Ойын жақсы өтіп жатыр. Біздің жігіттердің ойыны көңіл қуантады.

– Бүгін жеңіске жетеміз. Кемінде 3-те 0 болады.

– Тимур Мулдинов табы бір гол соқса жақсы болады.

Екінші таймда ауыз толтырып айтарлық оқиға орын алмады. Ойын бір қалыпты деңгейде өтті. Ешбір құрама ойыншылары көрерменге көз сүйсіндірерлік сәттер сыйламады. Бірақ, барлық қызық соңында болды. Төреші негізгі уақытта 4 минут қосқан болатын. Қауіпті сәтте шабуылшымыз Роман Павинич шеберлілігімен танылып, есепті 2-де 0-ге жеткізді. Осындай нәтижемен ойын аяқталды.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:

– Қалпақпен оңай ұрып алатын қарсылас болмайды. Барлығы мықты. Көш соңында келе жатқан “Екібастұздың” өзі айтарлықтар қарсылық көрсетті. Біз 1-ші таймда 4 гол соғу керек болатынбыз. Бірақ, жолымыз болмады. Қателіктерге жол бердік. Дегенмен, жігіттер жарады. Жаттықтырушының барлық тапсырмасын орындадық. Жеңіске қуаныштымыз.

Бұл кездесуден соң “Қызыл-Жар СҚ” ФК 20 ұпай еншіледі. Қазір жерлестеріміз 2 орында келеді. Енді, теріскейлік келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. Шілденің 22-сі күні командамыз оңтүстікастаналық “Қайрат А” құрамасымен күш сынаспақ.

 

Култанов Байболат