МТРА жаңалықтары

Соколов орман шарашылығының мамандары 26 мың текше метр отын дайындады

Вячеслав Карасев – “Глазок” ЖК маманы, Қызылжар ауданы:

– Ағашты түрлі бағытта керегімізге жаратамыз. Құрылыс материалдары мен тақтай әзірлейміз. Тағы, тұрғындардың сұранысы бойынша отын да дайындаймыз. Қазір кесілген отынның 1 кубы – 5 мың теңгеден саудалануда. Сатып алуға тілек білдірген адамдар көп. Алдағы уақытта бар тапсырысты орындаймыз.

Негізі, Соколов орман шаруашылығы құрамына 5 орманшылық кіреді. Олардың барлығы қауыр маусымға әзірленуде. Бүгінде дейін мамандар 26 мың текше метр ағаш дайындапты. Әлі де атқарар шаруа бар.

Алексей Кучерявенко – “Соколов орман шаруашылығы” КММ инженері, Қызылжар ауданы:

– Биыл Соколов орман шаруашылығы 100 мың текше метрден аса отын дайындайды. Біз қазір жалпы жұмыстың 24 пайызын тындырдық. Көбіне отынды жақын маңайдағы ауыл тұрғындары сатып алды. Тағы, қайыңның біраз бөлігі құрылыс материалдарының әзірлеуге жұмсалды.

Жалпы, қазіргі уақытта қыс мезігіліне ағаш дайындау ісі өңіріміздегі қызу жүргізілуде. Бұл жұмыспен теріскейдегі 12 орман шаруашылығы айналысуда. Жарты жалдың ішінде аймағымыздағы бұл мекемелер 136 мың текше метр отынды пайдаға жаратыпты. Осылайша рұқсат қағазын сатып алған тұрғындар тарапынан облыс қазынасына 108 млн теңге қаржы түсіпті.

Василий Лабанчук – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– 2017 жылы Солтүстік Қазақстанда 548 мың текше метр ағаш дайындалмақ. Отын дайындау кезеңі қатаң бақыланады. Мамандар үнемі табиғат аясында болып, қанша түп ағаш кесілгенін бақылап отырады.

Өңірімізде табиғат байлығын заңсыз пайдалантын жандар да бар. Соңғы 6 айдың ішінде рұқсат қағазынсыз ағаш кескен 25 тұрғын ұсталыпты.

Василий Лабанчук – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Адам заңсыз түрде ағаш кессе жауапкершілікке тартылады. Яғни, оған 300 АЕК айыппұл салынады. Немесе, 240 сағат түзету жұмыстарын істейді. Ал, құқық бұзушылық ерекше бақылаудағы аумақта орын алса айыпталушы 1 ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Тағы, рұқсат қағазынсыз отын дайындаған адамның көлігі мен құралдары да соттың үкімі бойынша мемлекетке беріледі екен. Айта кетейік, қысқы маусымға ағаш дайындау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.

 

Култанов Байболат