МТРА жаңалықтары

Өңір аграрйилері омарташылармен әріптестік орнатқан

Асқар Нұрымов – Есіл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Биыл ауданда егістікке бөлінген жердің аумағы 286,6 мың гектарды құрады. Ауданымызда егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Майлы дақылдарға 58 700 гектар жер бөлінді. Және жем-азық дақылдарының алқабы ұлғайтылды. Түйе бұршақ, сан алуан шөптердің түрі көбірек өсірілді.

Есіл ауданының аграрийлері дақылдардың өнімділігін арттыру үшін түрлі жолдарды қарастыруда. Қазіргі таңда “Егін” ЖШС өңір омарташыларымен әріптестік орнатқан. “Пасека -Қызылжар” ЖШС директоры Олег Гаврилов 3 шаруалышықпен серіктес.

Олег Гаврилов – “Пасека -Қызылжар” ЖШС директоры:

– Қазір “Егін” серіктестігінің танап басында жүрміз. Аралар тұйе шөп, жем-азық дақылдарын тозаңдандырып жүр. Енді бұл жердегі өсімдіктердің шығымдылығы 30 пайызға артады. Аграрийлермен жақсы байланыс орнатылды. Осыған дейін Мамлютка ауданында эспарцет алқаптарында болдым. Бір айдан кейін Тайынша ауданындағы күнбағыс алқабына көшемін.

2018 жылы елімізде тұңғыш рет ара шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама іске қосылады. 3 жылға шақталған бағдарлама аясында омарташылар мен гүлді өсімдіктер өсіретін диқандарға жыл сайын мемлекеттен субсидия беріледі. Бұдан бөлек асыл тұқымды аралардың әр жанұясына жылына бір рет субсидия беріледі. Омарта шаруашылығына кеткен шығындарының 50 пайызы өтеледі.

Алим Турк – омарташы, ОҚО:

– Карпат бал арасы солтүстіктің ауа райында тез өсіп-жетіледі екен. Және сағат сайын көбейіп жатыр. Карпат арасы салқынды жақсы көреді. Жаңбыр жауып күн сәл жылығанда жұмыс белсенділігі артады. Аралар 30 күн өмір сүреді. Олардың орнын жас аналықтары алмастырады.

Биыл өңір омарташыларына бал араларының мың жанұясы таратылыпты. Жәндіктер
ОҚО-ндағы “Бочка с медом” компаниясынан алынған. Аталмыш серіктестік өкілдері бірінші рет СҚО-на аяқ басты. Күнгейден келгендер СҚО-да осы шаруашылық түрін дамытуға барлық мүмкіншіліктің барын айтады. Теріскей алқаптарында нәрлі шөптің түрі көп. Сәйкесінше, ағзаға пайдалы өнімді молынан жинап алуға болады дейді.

Василий Тимофеев – “”Бочка с медом” ЖШС директоры:

– Бұл жерде небір шөптердің түрі бар. Бал жинауға өте қолайлы. Оңтүстікте күн ыстық болғандықтан, ондағы нәрлі шөптер тез солып кетеді. Биыл теріскей жеріне бірінші рет келіп тұрмыз. 240 жанұя алып келдім. Осы жерде санын көбейтіп жатырмын.

Күн сайын аралардың бір отбасы 6 келіге жуық бал береді. “Пасека -Қызылжар” ЖШС-гі науқан басталғалы 1,5 тонна әсел жинапты.

Кәсіпкер өнімнің келісін 1800 теңгеге , көтерме бағамен 1200 теңгеден өткізуде. Келешекте Астанада өкілдіктерін ашпақшы.

Берік Қасен