Мәдениет

Аққайың ауданының мәдени күндері өтті

Мына көрпе-жастықты Тойжан Сейткереева құраған. 65 жастағы Аралағаш ауылдық округінің тұрғыны қыз жасауын 20 мың теңгеге дайындап беремін дейді. Сөйтіп сүйікті кәсібінің арқасында нәпақа тауып отырған жайы бар. Айтуынша ауылында өзінен өзге де шеберлер көп. Аққайың ауданы келушілер назарына үлкен гала концертін де ұсынды.

Аудан өнер иелерінен де мақұрым емес. Өнеркәсіп орындарымен және шаруашылығымен мақтанып отыр. Орманды дала зонасында орналасқан аумақта бір қызығы бірде бір өзен жоқ екен. 13,5 гектар жерді көлдер алып жатыр.

Сәбит Мұқанов, Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы:

– Ауданда 20 мыңнан артық халық тұрады.

“Шабыт” ансамбілі -“Шаңырақ” этно мәдени орталығының жанынан 2014 жылы құрылған. Сол уақыттан бері әжелер сахнада түрлі ұлттың тілінде ән салып жүр.

Сәуле Омарқызы, “Шабыт” ансамблінің жетекшісі, ауданын жаз:

– Біздің репертуарымызда украинше, орысша, қазақша көп әндер бар. 02:49 Осы ансамбілде ең үлкені 71-де, кішісі – 56-да. Ал, шаңырақтың ішінде немерелеріміз дебар.

Гала концерттің өтуіне ауданның барлық этномәдени бірлестіктері ат салысты. Аққайыңдықтардың екі күн бойы өткізген шараларын қала жұршылығы жоғары бағалады.

Айту керек, аудан ұжымы бүгінгі шараларын “Ехро-2017” көрмесімен орайластырған. Айтуыларынша жалпы ұлттық көрмені қолдау мақсатында аудан көлемінде де түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр екен.

Акбопе Танирберген