МТРА жаңалықтары

Қала жастары “Южный” базарында жат ағымның жетегінде кетпеудің алдын алуға бағытталған акция ұйымдастырды

Және де Қазақстан мен өзге елдердің аумағында іс-қимыл жүргізуге заңды түрде тыйым салынған. Ал бұл ұйымдарға кіру, үгіт-насихат жүргізу заңмен жазаланады. Жат ағымның жетегінде кетіп, өмірден адасқандар жетерлік. Жерлестерімізде өзгелердің қателігін жасамас үшін бүгін “Южный” базарында акция өтті.

Еріктілер саудагерлер мен мұнда келушілерге жадынамалар таратып, қауырт желі жайында баяндап берді. Мұндай шараны өзіндік пайдасы бар. Себебі, діни сауаттылықты әрдайым арттырып отыру қажет дейді тұрғындар.

Руслан Арупов – “Назекова” ЖК сатушысы:

– Бұндай шараның ұйымдастырылуы өте пайдалы. Себебі түрлі діни кітаптарды ұсынатын бейтаныс адамдар көп.

Елімізде дініне қарамастан барлығына ортақ заң қалыптасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017-2020-шы жылдарға арналған ҚР-ың дін саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы бекітілді. Бұндай шара Петропавл қаласында шілденің 13-ші бастау алған. Жас белсенділер шаһарда адамдар көп шоғырланатын жерлерді аралап, тұрғындарға террористік топтардың арбауына түсіп кетпеу жайын түсіндіреді.

Әлфараби Мыңбай – Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының өкілі:

– Бізде 25 ерікті бар. Олар қаланың барлық аудандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
1-37

Қазіргі таңда әлемде ресми тіркелген 21 террористік ұйым бар.

– Бүгінде жат ағымның жетегінде жүріп Сирияға соғысуға кеткен қазақстандықтардың саны 500-ден асқан. Оның 60 пайызы қыз-келіншектер. Ислам халифатына имандай иланып сенген адамдардың санасын улай оңай болып түр қазір. Жазықсыз халықты қынадай қырған экстремистік топтарға қосылғандардың бірде-бірі бақыттан бастары айналған емес. Сол себепті, жат ағымның жетегінде кетпес үшін діни біліктілікті тек мешіттегі имамдардан арттыру қажет.

 

Риат Шони