МТРА жаңалықтары

Өңірімізде «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ жергілікті филиалы жұмыс істеуде

Дәурен Тұрапбеков – «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ СҚО бойынша директоры:

– Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыздылығын ескере отырып, инвесторларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз. Компания инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызметті қамтамасыз етеді.

Ұлттық компания жетекшілігімен өңірімізде бірнеше жоба іске қосылған. Жалпы акционерлік қоғам инвесторларды ауыл шаруашылығы және машина жасау саласы бойынша тартуда. Бүгінде «Kazakh Invest» компаниясы Ресей инвестициясымен бой көтерген «СП Петропавл трактор зауыты» ЖШС жұмысын бастаған. Олар ғимараттағы инфрақұрылымды дамыту мен өндіріс ошағын кеңейту бойынша көмек көрсетуде.

Дәурен Тұрапбеков – «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ СҚО бойынша директоры:

– Бұдан бөлек, кеспе әзірлеу ісі бойынша Қытай компаниясымен де бірқатар жұмыс жасалуда. Қазір бірігіп диірмені бар элеваторды іздестірудеміз. Сондай-ақ, ҚХР-на экспортқа шығарылатын кеспе зауытын тұрғызуға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, біз шетел инвесторларын іздеген компаниялармен жұмыс істейміз.

«Kazakh Invest»-тің негізі міндеті – инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау. Теріскей өңірінде акционерлік қоғамның тек екі өкілі бар. Олардың кеңсесі “Даму” қоры ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

Эльмира Садвокасова