МТРА жаңалықтары

50 жыл бұрын мектеп бітірген сыныптастар бас қосты

Өкінішке қарай, тізімдегілердің 4/1 бөлігі ғана осында тұр. Қалғандары белгілі бір себептермен келе алмаған, басқалары дүниеден озған. Татьяна Ошанина көзі тірі сыныптастарымен мерейтойлық даталарада кездесіп тұруға тырысады.

Татьяна Ошанина – Қостанай облысының тұрғыны:

– Сыныптастарым Ресей мен Қазақстанның қалаларында тұрады. Кейбіреуін мектеп бітіргелі мүлде көрген жоқпын. Сондықтан бүгін көздеріне қарап, тануға тырысып жатырмын. Замандастарым ширек ғасырдың ішінде қатты өзгеріпті. Мен бір сыныпта оқыған достарымды ұмыт қалдырған емеспін. Кейде әлеуметтік желілер арқылы хабар алмасып тұрамыз. Өзім Қостанай облысында тұрамын. Сол өңірдегі “Бизнес-Пресс Лисаковск” газетінің бас редакторымын. Мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнін сүйіп оқығандықтан, саналы ғұмырымды осы салаға арнадым.

Любовь пен Владимир оқушы кезінде бірін-бірі ұнатып қалған. Содан бері жұптары жазылған емес. Қайда барса да бірге жүреді. Бала шақтағы естеліктері де ортақ.

Любовь Сагайдычный – Петропавл қалысының тұрғыны:


– Мектеп тәмамадағанан кейін 4 жыл достасып жүрдік. Кейін жұбымыз жарасып, отау құрдық. Биыл отасқанымызға 43 жыл толды. Жолдасыма, сыныптастарыма деген көңілім еш өзгерген жоқ. Бәрін бұрынғысынша жақсы көремін. Есімде тек жақсы естеліктер қалды.

Клавдия Кирьякова кезінде осы сыныпқа биология пәнінен сабақ берген. 88 жасқа келген кейуана әр оқушысының кескін-келбетін жазбай танып, мінездерін де айтып бере алады.

Клавдия Кирьякова – зейнеткер, Петропавл қаласының тұрғыны:

– 1967 жылғы түлектер мектеп қабырғасында өте ұйымшыл болатын. Бір-біріне деген сыйластығы сақталған. Бұлардың даусы ән айтуға келетін. Әлі есімде мектепішілік шараларда хорға қатыстыратынбыз. Сол кезде білім ошағының аты елге дүркіреп тұрды. Бізде ұстаздар халықаралық семинарларлар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісетін. Сол кезеңдегі мұғалімдерден көзі тірі мен ғана. Қалған әріптестерім өмірден озды.

Клавдия Кирьякованың оқушысы Валерий Костарев Ресейден келіпті. Бүгін ол да сыныптастарымен партаға отырып, сол баяғы шақты еске алды. Ол Ресей мемлекетіне заң саласында еңбек сіңірген. Қазір құрметті еңбек демалысында. Бұл жандардың мектеп бітіргеніне 50 жыл толды. Мерейтойлық датаға орай олар аулаға көшет отырғызды. Олар осыған дейін де мектеп қабырғасында оқып жүргенде ағаш отырығызыпты. Қазіргі таңда жасыл желектері айналаға көрік беріп, жайқалып өсіп тұр.

Берік Қасен