Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД басшылығы талапкерлермен кездесті

Игорь Левин – СҚО ІІД басқармасының инспекторы:

– Бүгін талапкерлер ІІД-нің басшылығымен тікелей кездесуге мүмкіндік алды. Тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ танысты.

Мектеп түлегі Куаныш Әубәкіров шен таққандарға құрметпен қарайды. Мамандық таңдау кезінде көп ойланбапты. Бала кезімнен форма киюге ынтық болдым дейді.

Куаныш Әубәкіров -талапкер:

– Бала кезден тәртіп сақшысы болуды армандадым. Отаныма, халқыма қызмет еткім келеді. Қиын жағдайға тап болған адамдардың жанында болып, оларға көмектессем деймін.

Тергеуші, жедел уәкіл, инспектор боламын десе де жастардың өз еркі. Бүгінде елімізде болашақ полицейдерді даярлайтын 4 бірдей жоғары оқу орны бар. Олар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан.

Берік Қасен