МТРА жаңалықтары

Өңірде азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда

Людмила Иванкова – қала тұрғыны:

– Әр келген сайыс пияз түрлі бағада сатылады. Мәселен, бүгін бір келі сарымсақты 200 теңге алдым. Алдында сәл қымбаттау болып еді. Бұл ретте тауар құны тұрақты болғаны жақсы. Алдын ала бағаны біліп отыратын едік.

Өңірімізде көкеністен бөлек, құмшекердің де бағасы қымбаттапты. Қазір оның келесі 220-ның үстінде тұрады. Ұн мен күнбағыс майының да құны артқан. Ал, қант тіптен шарықтап кетті. Мәселен, өткен айдың өзінде-ақ тауардың бұрынғы бағасына бірден 15 теңге қосылыпты.

– Осындан 1 ай уақыт бұрын ғана Петропавлдағы сауда орындарында қанттың 1 келісі – 226 теңге тұрыпты. Дегенмен, қазір тосап қайнататын нағыз маусым. Сол себепті де құмшекердің бағасы артатындығы белгілі. Бүгін де қанттың келісі – 250 теңгеден саудалануда.

Қант бағасының шарықтағанына жерлестеріміз қарсы. Тұрғындар әсіресе жаз айларында шекердің қалта көтерерлік шамада болғанын қалайды.

– Дүкенге жиі келемін. Азық-түліктің қымбаттағанын байқаймын. Әсіресе, қантпен майдың бағасы төмендесе дейміз.

– Тауарлардың құны артып жатыр. Әсіресе, қанттың. Жаз мезігілінде шекерді көп сатып аламыз ғой. Сол себепті арзандау болғаны жақсы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Оның алғашқысы жаңа күзгі өнімді жинағанша жаз айларында көтерме сауда орындарда баға артады екен. Тағы, биыл тауарды тасымалдау мен жанар жағармайдың да құны өсіпті. Дегенмен, азық-түліктің бағасы жақын арада қайта қалыпқа келмек. Әсіресе, қант келер аптадан бастап бұрынғы шамада сатыла бастайды.

Мұрат Нұрқанов – СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

– Қанттың бағасын тұрақтандыру үшін өңірімзге 884 тонна қант сатып алынды. Оның 340 тоннасы облысымызға әкелінді.

Айта кетейік, өңірімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ауылшаруашылық жәрмеңкелері де жиі ұйымдастырылады. Мәселен, биыл Петропавл қаласында мұндай 110-нан аса шара өткен. Онда 156 мле теңгенің тауары саудаланыпты. Бастысы өнімнің құны базардағыдан 20-30 пайызға арзан.

Култанов Байболат