МТРА жаңалықтары

Өңірде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар

Ғалым Тұрсынбаев- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:

– Біздің облыстан мемлекеттік аттестацияға 3,5 мыңдай адам қатысты. Жалпы аттестация тестілеу мен әңгімелесуден тұрды. Әңгімелесуге 3418 мемлекеттік қызметші қатысты. Оларға қатысты аттестациялық комиссияның шешімі былай болды: 194 мемлекеттік қызметші – лауазымын жоғарылатты. 15-ін төмен лауазымдарға ауыстыру және біреуі атқарып отырған қызметіне сай емес деген шешім шығарылды.

Аттестациялық комиссияның жұмысына шағым түсіргендер жоқ. Ал бірақ Әдеп жөніндегі кеңестің шешеміне қарсы шыққандар бар. Мемлекеттік қызметші атына кір келтірген селолық округ әкімі өзін қызметінен босату туралы шешіммен келіспек емес. Тіпті істі сотқа дейін жеткізген. Жалпы жыл басталғалы кеңес 7 отырыс өткізіп, 56 істі қараған. Соның 33-і алдын алу шаралары болса, қалғаны тәртіптік істер екен.

Ғалым Тұрсынбаев- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:

– 23 қаралған тәртіптік істің ішінен 13-і мемлекеттік қызметші атиына кір келтіргендер. 6-уы қызмет этикасын бұзған. 4 іс тоқтатылды.

Жарты жылдың ішінде солтүстікқазақстандықтарға 2 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Соның 70 пайызы – медицина саласына тиесілі. Осы тұста айта кету керек, теріскейліктер элкетронды қызмет көрсету түріне ауысуға асығар емес. Бүгіндері бұл әдісті тұрғындардың 15 пайызы ғана қолданады екен.

Магжан Ахмадина