МТРА жаңалықтары

Жастар практикасы бағдарламасының артықшылығы

Қанат Жүсіпов – Петропавл қалалық ішкі саясат басқармасы бөлімінің заңгері:

– Бұл бағдарлама мен сияқты ЖОО аяқтап жұмыс таба алмаған жандар үшін өте пайдалы. Өйткені диплом алғасын міндетті түрде жұмыс істеп тәжірбие жинақтау керек. Кейін үйреніп, әрі қарай жылжуға болады.

Жастар практикасы жарты жылға жалғасады. Осы уақытта оған қатысушы жастар ай сайын 56 мың теңгеден артық жалақы алып отырады. Қанат бағдарлама аяқталған соң, жұмысты тастап кеткісі жоқ. Мемлекеттік қызметші болып, осында қалсам дейді.

Қанат Жүсіпов – Петропавл қалалық ішкі саясат басқармасы бөлімінің заңгері:

– Жұмысым өзіме ұнайды. Мен хаттарға жауап беріп, басшылықтың берген тапсырмаларын орындаймын. Сондықтан келешекте осында қалып, қызметімді жалғастырғым келеді. Ұжымымыз да өте ұйымшыл, керек кепзде көмектесіп, қол ұшын береді.

Бүгіндері «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 85 адам екі қолға бір күрек тапқан. Олардың көбі мемлекеттік органдарға жұмысқа кірген. Тағы 10 жас азамат жеке сот орындаушыларында еңбек етуде. Экономист, заңгер, программистер сұранысқа ие. Тағы өңірде іс жүргізушілер мен тіл мамандары тапшы екен. Жалпы аталмыш бағдарламаға жергілікті жерде тіркелген, 29 жастан аспаған ЖОО, не колледждің түлегі қатыса алады.

 

Магжан Ахмадина