МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҚК 25 жылдығына орай департаментте жаңартылған мұражай ашылды

Владимир Буторин – ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменттің ардагері:

– Бүгінде зейнетте болғанымызға қарамастан, мерекеге орай еңбегімізді елеп, марапаттап жатқандарына алғысымды айтамын. Сондай-ақ, жаңартылған департамент мұражайының өз жұмысын бастағаны көңіл қуантады. Себебі, онда жас қызметкерлер үшін үлгі тұтарлық дүниелер көп.

Бұл мұражайда департаменттің ширек ғасыр ішіндегі нәтижелі жұмысының жемісі қойылған. Мәселен, мына құнды жәдігерді комитет қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында тәркілеген. Бұл тапанша 1937 жылы жасалған. Револьвердің салмағы 750 грамм. Қару 20 ғасырда еліміз бен жақын шетелде үлкен сұранысқа ие болыпты. Бұдан бөлек, мұражайда комитет қызметкерлерінің арнайы киімдері мен өзге де қызықты экспонаттар бар.

Сондай-ақ, бұл күні мұражай жәдігерлерінің қатары тағы 2 жаңа затпен толықты. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мұжарайға 1941 жылы бұзақы балалар жайлы жазылған баяндама мен СҚО энциклопедиясын сыйға тартты.

 

Эльмира Садвокасова