Қоғам

Петропавлда жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Людмила Сырцева – М.Жұмабаев көшесі, 107-ші үйдің үлкені:

– Жылу құбырларын жыл сайын ауыстырады. Кәсіпорын қызметкерлері шаруаны көпке дейін созып жүреді. Соның салдарынан бірнеше күн бойы ыстық сусыз отырдық.

Людмила Сырцева бізге сұхбат беріп жатқанда көрші 105-ші үйдің маңындағы құбырлардың бірі істен шықты.

Мұндағы су жылытатын құрылғыны дереу ауыстыру керек. “Березка” ПИК жетекшісі Олег Кандриков қаражат тапшы әзірге кішігірім жөндеу жұмыстарымен амалдай тұрамыз дейді.

Олег Кандриков – “Березка” ПИК жетекшісі:

– Қазіргі уақытта 3 үй жылыту маусымына даярланып жатыр. Кейбіреулерінде ғана кішігірім жөндеу жұмыстарын атқарамыз.

Бүгінде “Березка” пәтер иелері кооперативіне 7 тұрғын үй қарайды. Жалпы, осы аумақта 324 баспана бар. Олег Кандриков мұндағы коммуналдық мәселерді шешуге мамыр айында кіріскен. Оның айтуынша мұндағы тұрғындардың 60-% борышкерлер болып есептеледі. Олардың ПИК алдындағы берешегі 3 млн теңгенің маңайында.

Бостандық көшесі, 13-ші тұрғын үйдің мәселесі де шаш етектен. Мұндағы пәтерлердің жартысынан көбі жалға берілген көрінеді. Сондықтан, олардың иелерін табу қиынға соғады. Мәселе баспананы қысқа әзірлеу кезінде аяқтан шалады екен.
Айта кетсек, бүгіндері шаһарымызда 1052 көп пәтерлі баспана бар. Соның тек 74-іне ғана жуып шаю жұмыстарын жүргізген. Бірақ, әлі күнге дейін ешбір ПИК даярлық паспортын алмапты.

Тогжан Акмагамбетова